ӘлемТехнология
Trending

Қытайда робот шай жинауды үйренді

Ханчжоуда өткен 8-ші Қытай халықаралық шай көрмесінде робот әйгілі Лунцзин шайының жапырақтарын жинау шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Көрме барысында адам тәріздес робот жақын маңдағы шай бағына барып, шай жапырақтарын жоғары дәлдікпен жинауды үйренді. Көрсетілім заманауи технологияны дәстүрлі салаларда, соның ішінде шай өндірісінде қалай қолдануға болатынын көрсетті.

Лунцзин шайы Қытайдағы ең танымал көк шайлардың бірі саналады.

Қытай робототехниканы белсенді түрде дамытып, ақылды роботтарды көлік, өнеркәсіп, қызмет көрсету және қалалық инфрақұрылымға енгізіп жатыр. Ел робототехниканы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып автоматтандыру мен жасанды интеллект технологияларына басымдық беріп отыр.

Мамыр айының басынан бастап Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясына қарасты Ханчжоу қаласында жол қозғалысын басқаруға арналған интеллектуалды роботтар жұмыс істей бастады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button