БастыТуризм

Алматыда тау туризмін дамыту мәселелері бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр

Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр.

Жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық талаптар мен табиғи аумақтарды сақтау мәселелері талқыланады, деп жазады Kazinform.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып жатыр.

Алматыда тау туризмін дамыту мәселелері бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Қазақтуризм

Тыңдау барысында жобаға қатысты ұсыныстар мен пікірлер қаралып, инфрақұрылымдық бастамалардың Іле Алатауы табиғатына әсері талқыланады.

Almaty Superski жобасы – Алматы қаласының маңында халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама. Жоба қысқы туризмді (шаңғы, сноуборд) дамытумен қатар, жаяу серуен бағыттарын, экотуризмді және спорттық белсенділіктерді қамтитын жыл бойғы демалыс инфрақұрылымын дамытуды көздейді.

Айта кетейік, осыған дейін Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызын атап өтті.

 

TuraNews

Back to top button