Қоғам
Trending

Ұлытау облысында ерте кәсіптік бағдар беру, еңбекқорлық құндылықтарын қалыптастыру және болашақ кадрларды даярлау мәселелеріне арналған облыстық семинар өтті

Ұлытау облысында еңбекке баулу, жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру және болашақ еңбек ресурстарын даярлау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Жаңаарқа ауданындағы «Ақерке» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие: отбасы мен балабақшаның ортақ серіктестігі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Ерте жастан кәсіпке баулу» пилоттық жобасы аясында өткізіліп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік және кәсіптік бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге арналды.

Семинардың негізгі мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы өзара байланысты нығайту, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын ерте жастан қалыптастыру, балалардың кәсіби қызығушылықтарын дамыту және заманауи тәрбиелік тәсілдерді тиімді енгізу болды.
Іс-шара барысында қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалармен танысып, еңбекке баулу бағытындағы тәжірибелерді талқылады. Сонымен қатар педагогтер балалардың шығармашылық, техникалық және танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаңа әдістер мен тәжірибелік жұмыстарды ұсынды.

Семинар аясында «Аналар мектебі» мен «Әкелер мектебі» жобалары ерекше назарға ұсынылды. Ата-аналар мен бүлдіршіндердің бірлескен музыкалық сәлемі отбасы тәрбиесінің маңызын және бала дамуына ата-ананың тікелей қатысуының қажеттілігін көрсетті.

Жаңашылдық пен жасампаздық құндылықтарын дәріптеу мақсатында бөбекжайда «Тұзды шахта» бөлмесі мен «Зергерлік шеберхана» бұрышы таныстырылды. Сонымен «Адалдық дүкені» жобасы арқылы балаларға адал еңбек пен экологиялық мәдениет құндылықтары насихатталды.
Семинар барысында ұлттық тәрбие мен еңбекке баулу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Ұлттық балабақша», «Жасыл балабақша» және «STEAM балабақша» бағыттары бойынша шеберлік алаңдары ұйымдастырылып, балалардың ерте жастан еңбекке бейімделуі мен кәсіби дағдыларын дамыту жолдары көрсетілді.

Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі – «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» бағыты аясында ұсынылған тәжірибелік жұмыстар болды. Қатысушыларға «Сиқырлы ине шеберханасы», «Болашақ аспаздар», «Құрылыс алаңы» секілді ұйымдастырылған іс-әрекеттер таныстырылды. Бұл жобалар балалардың әртүрлі мамандықтарға қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және техникалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар «Жасыл балабақша» жобасы аясында балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға арналған «Зообақ әлемі» және «Кішкентай бағбандар» бағыттары ұсынылды.

TuraNews

Back to top button