БастыСаясат
Trending

Қазақстан мен Түркия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Түркия Республикасы Парламентінің депутаты, Әділет және даму партиясы төрағасының түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселелеріне жауапты орынбасары, профессор Күршад Зорлумен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Аида Балаева Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары қазақ-түрік ынтымақтастығын кең ауқымды бағыттар бойынша, соның ішінде гуманитарлық және мәдени байланыстар саласында одан әрі дамытуға тың серпін бергенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар әдеби байланыстарды жандандыру, деректі және көркем фильмдер шығару, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен ілімін кеңінен дәріптеу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 

TuraNews

Back to top button