БастыЭкономика
Trending
Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды
Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
— Бүгін мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі бір. Сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алған еді.
Айта кетейік, отырыс барысында Қазақстан Президент қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатқанын, елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ екенін баса айтты.



