БастыСаясат

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Түркия президентінің ұшағы Астанаға келіп қонды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келетінін хабарлаған едік.

TuraNews

Back to top button