ҚоғамТехнология

Интернеттегі терроризм туралы жалған хабарламалар: Қалжыңның соңы қатерге соқтырады

Интернет кеңістігінде терроризм актілері туралы жалған ақпарат тарату — бұл жай ғана ермек емес, қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін салмақты құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай әрекеттер елдегі тыныштықты бұзып, құқық қорғау органдарының ресурстарын негізсіз жұмсауға мәжбүрлейді.

Осыған байланысты дайындалған ақпараттық материалдарда (карточкаларда) келесі мәселелер егжей-тегжейлі көрсетілген:

  • Мұндай қылмыстардың құқықтық және әлеуметтік салдарлары;

  • Жасөспірімдердің мұндай қауіпті әрекеттерге тартылу себептері;

  • Тәуекелдердің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.

Мамандар ата-аналар мен жастарды ғаламтордағы ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға шақырады. Есіңізде болсын, әрбір «қалжың» үшін заң алдында жауап беруге тура келеді.

 

TuraNews

Back to top button