БастыЭкономика

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы төмендей ме?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымына қатысты пікір айтты.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша Иранмен арадағы тауар айналымы 450 млн АҚШ доллары шамасында болды. Сол өңірдегі қақтығыс салдарынан биыл тауар айналым бәсеңдейтіні түсінікті. Атап айтқанда, бұл көрсеткішті 3 млрд долларға жеткізу міндеті қойылған. Алайда дәл қазір осы мақсатты орындау қиынға түседі, — деді С.Жұманғарин Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Иранмен арада ауқымды келісімшарттар жасалғанымен, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты трейдерлердің жұмысында іркіліс байқалды.

— Себебі төлем бойынша тәуекелдер бар. Иранға қатысты айтатын болсақ, бұған дейін де төлем жасау кезінде мәселелер туындады. Төлемдер үшінші елдер арқылы жүзеге асырылып келген еді, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Иранмен арадағы бірқатар жобаларды іске асыру уақытша тоқтап қалғанын айтты.

Source
inform.kz

TuraNews

Back to top button