Қоғам

Жезқазған гүлдене түседі: қалада ауқымды гүл егу жұмыстары басталды

Жезқазған қаласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Айналма жолдарға биыл 50 мыңға жуық гүл отырғызу жоспарланып отыр.

Гүл егу жұмыстарын «Ақ қала» қоғамдық мүгедектер бірлестігі жүргізуде. Қазіргі таңда жұмыстар Алашахан, Гагарин және Абай көшелеріндегі айналма жолдар аумағында жүзеге асырылып жатыр. Аталған аумақтарда абаттандыру, көгалдандыру және гүл отырғызу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Қаланы көркейту мақсатында түрлі маусымдық гүлдер, атап айтқанда бархатцы мен петуния гүлдері егіледі. Сонымен қатар мердігер мекеме өз қаражаты есебінен қалаға 1000-ға жуық хризантема гүлін отырғызуды жоспарлап отыр.

Ауқымды жұмыстар шаһардың эстетикалық келбетін жақсартып, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.

TuraNews

Back to top button