ҚоғамСпорт

Өскеменде «ЖАС БҮРКІТ-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында жүктелген жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру міндеттерін іске асыру аясында ауқымды әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.

2026 жылғы 12 мамыр күні 3477 әскери бөлімінің аумағында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекелеріне орай №2, №7, №19 және №29 орта мектептерінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубтарының 10-11 сынып оқушылары арасында «ЖАС БҮРКІТ-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы спорт элементтері бойынша өзара бақ сынап, саптық дайындық, жылдамдық, ептілік және командалық үйлесімділік деңгейлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар арнайы марапаттарға ие болды:

* 1 орын – Кубок және SULPAK дүкеніне 25 000 теңгелік сертификат;
* 2 орын – Кубок және SULPAK дүкеніне 15 000 теңгелік сертификат;
* 3 орын – Кубок және SULPAK дүкеніне 10 000 теңгелік сертификат.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Өскемен қаласының әкімдігіне алғыс білдірді.

Мұндай әскери-патриоттық жобалар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

TuraNews

Back to top button