Қоғам

Әлеуметтік желіде қаңғыбас иттің тұрғынды қуалап бара жатқан видеосы жұртты шошытты

Instagram желісінде тараған бейнежазбада саябақта серуендеп жүрген кішкентай балаға қаңғыбас иттің күтпеген жерден тап беріп, оны аяусыз қуалағаны анық көрінеді. Бұл кадрлар демалыс орындары мен саябақтардағы қауіпсіздік мәселесінің қаншалықты өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бейнежазбадан баланың ашулы иттен әрең қашып құтылғанын көруге болады. Оқиғаның нақты қай жерде болғаны белгісіз болса да, желі қолданушылары балалар ойнайтын демалыс аймақтарында мұндай жағдайдың кез келген уақытта қайталануы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда.

Мамандар мұндай агрессивті әрекеттердің арты қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

TuraNews (@turanews.life)’in paylaştığı bir gönderi

TuraNews

Back to top button