Қоғам

Ұлытауда бірлік күніне орай жастар арасында іс-шаралар өтті

Ұлытау облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, жастар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, колледж студенттері арасында «Жеңіс – бірлікте!» атты спорттық іс-шара өткізілді. Шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлік пен өзара қолдауды көрсетті.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының мектеп оқушылары арасында «Достық шуағы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қатысушылар өз шығармалары арқылы достық, бейбітшілік және келісім құндылықтарын насихаттайтын шығармаларын салды.

Өткізілген іс-шаралар жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Бұл іс-шараға 12 мектептен 50 ден астам оқушылар мен 6 командадан құралған 40 қа тарта колледж студенттері қатысты.

TuraNews

Back to top button