Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Бавария» тартысты ойын өткізді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы ойынында «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Бавария» (Германия) командалары кездесті.
Жанкүйерлер бұл матчқа ерекше қызығушылық білдірді. Екеуі де жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Сондықтан кездесудің тартысты өтетіні белгілі еді.
Алғашқы минуттан қарсыластар ашық шабуылға көшті. Ойынның 17-минутында франциялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін «Пари Сен-Жермен» сапынан Хвича Кварацхелия 24, Жоау Невеш 33-минутта екі гол соқса, 41-минутта германиялық клубтан Майкл Олисе таразы басын теңестірді.
Ао 45-минутта франциялық командадан Усман Дембеле пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Дәл осындай қарқынды ойын екінші кезеңде де жалғасын тапты. Алдымен франциялық командадан Хвича Кварацхелия 56-минутта гол соқса, одан кейін Усман Дембеле 59-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.
Ойынның 65-минутында «Бавария» сапынан Деотшанкюль Юпамекано мергендігімен қақпа торын тулатса, Луис Диас 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
Енді 29 сәуірде «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Арсенал» (Англия) командалары кездеседі.
Айта кетсек, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады. Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.



