Түркияның Ризе қаласында халықаралық Қашқар туризм жәрмеңкесі өтті. Биыл ауқымды шараға 16 елден келген өкілдер қатысып, 150 ұйым өз стендін ұсынды, сондай-ақ үш мыңға жуық жергілікті ұйым қамтылды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған туристік агенттіктер мен туроператорлар бұл алаңда жаңа серіктестік орнатып, тәжірибе алмасты, деп жазады jasqazaq.kz сайты.
Іс-шара барысында қатысушылар табиғи туризм, мәдени-тарихи мұралар және Қаратеңіз асханасының ерекшеліктерімен танысты. Сарапшылардың айтуынша, мұндай алаңдар туризм индустриясының дамуына айтарлықтай серпін береді.
Ризе мәдениет және туризм қауымдастығының басшысы Бурак Авжы жәрмеңкенің ауқымына тоқталды: «Ризе және Артвин қалаларының қонақ үй және агенттіктерінің қатысқан жәрмеңкесіне жалпы 150 туризм агенттіктері және қонақ үй қызметін көрсетушілер жиналды. Шетелден келушілер мұндағы агенттіктермен және қонақ үй ұсынушылармен байланыс орнатып, аймаққа турист тарту үшін келісімге келуде».
Германиядан келген қатысушы Эстель жәрмеңкенің басты мақсаты серіктестік орнату екенін атап өтті: «Мен мұнда серіктес, туристік агенттік табуды меңзеп отырмын. Біз Германиядағы Дрезден қаласында орналасқан ірі компаниямыз және әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейміз. Біз жергілікті агенттіктермен жұмыс істегенді ұнатамыз, сондықтан Качкарда жергілікті серіктес тапқымыз келеді».
Яшар Кыран, кәсіпкер: «7-ге жуық агенттікпен байланыс орнаттық, байланыстарын алдық. Жәрмеңкеден кейін өздерімен ыңғайлырақ қызметтерімізді айтып, қызығушылықтарын білмекпіз. Мен өте пайдалы болғанын айта аламын».



