Туризм
Trending

Трабзон алғаш рет Алматыдағы KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысты

Алматы қаласында өтіп жатқан 24-ші KITF халықаралық туризм және саяхат көрмесінде биыл айтулы жаңалық орын алды: Түркияның солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан әсем Трабзон қаласы бұл шараға алғаш рет қатысты.

​Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Трабзонның ресми мекемелерінің қолдауымен ашылған стенд көрмеге келушілердің ерекше назарын аударды.

Трабзон мәдениет және туризм басқармасының басшысы Тамер Ердоған бұл қадамның Түркі республикаларымен байланысты нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.

Өзбекстандағы сәтті тәжірибеден соң ендігі кезекте Қазақстаннан Трабзонға тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі белсенді түрде қарастырылып жатыр, — деді Ердоған.

Қара теңіз аймағының өзіне тән жасыл табиғаты мен тарихи мұрасын Қазақстан нарығына таныстыруды көздеген осы бастама бауырлас елдер арасындағы туристік алыс-берісті жаңа деңгейге көтермек.

TuraNews

Back to top button