Қоғам
Ұлытау: Жастар паркі жаңартылып, жаңа форматта дамиды

Ұлытау облысында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында маңызды қадам жасалды. Облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған келісім аясында өңірдегі маңызды демалыс орындарының бірі — Жастар паркін жаңарту жоспарлануда. Жоба тек ағымдағы жөндеумен шектелмей, заманауи талаптарға сай жаңа форматта қайта жасақтауды көздейді.

Жаңартылған парк аумағында тұрғындар үшін жайлы демалыс аймақтары, серуендеуге арналған инфрақұрылым, көгалдандырылған кеңістіктер мен жаңа қоғамдық нысандар пайда болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қаланың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.



