Қоғам
Trending

Алматыда Эминем мен Шакираның концерті өтуі мүмкін

Әлемдік эстрада жұлдыздары – рэп орындаушы Эминем мен әнші Шакира 2026 жылы Алматыда концерт беруі мүмкін. Алайда бұл концерттердің өтетін күні мен орны әзірше нақты белгіленбеген. Бұл туралы TuraNews.kz сайты Kazinform-ға сілеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық кеңестің №5 комиссиясының отырысында «Спорт нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры Есет Байтасов халықаралық тур аясында Алматыда екі әлемдік деңгейдегі әншінің өнер көрсету мүмкіндігі туралы алдын ала ақпарат берген.

Алайда қазіргі уақытта Эминем мен Шакираның концертіне қатысты ресми құжат жүзінде бекітілген келісімдер жоқ екені белгілі болды.

– Аталған ақпарат таныстыру сипатында ғана айтылған және іс-шаралардың өтетінін білдірмейді. Қазіргі таңда мәселе пысықталып жатыр. Ресми келісімдер жасалған жоқ, күні мен орны да бекітілмеді. Тиісті барлық келіссөз аяқталғаннан кейін ресми ақпарат қосымша беріледі, — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өткен еді.

 

Source
inform.kz

TuraNews

Back to top button