БастыҚоғамЭкономика

ШҚО-да «Altay Business» форумы өтеді

15 сәуірде Өскемен қаласында кәсіпкерлерді, бизнес өкілдерін, сарапшыларды және мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін «Altay Business» форумы өтеді. Іс-шара өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттарын талқылауға арналмақ.

Форум бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңы, сондай-ақ тәжірибе алмасу, идеялармен бөлісу және кәсіпкерлер өз қызметінде бірден қолдана алатын практикалық құралдарды меңгеру кеңістігі болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – табысты кейстерді көрсету, бизнесті жүргізудің заманауи құралдарына қол жеткізу, кәсіпкерлік қауымдастықты дамыту және технологияларды енгізу арқылы өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту.

Форум аясында өңір компанияларының қолданыстағы жобалары мен таныстырылымдары ұсынылатын көрме өтеді.

Өтетін орны мен уақыты: Протозанов көшесі, 43, ШҚО облыстық филармониясы, сағат 9:00.

TuraNews

Back to top button