ӘлемБастыСаясат

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді», -делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button