Қоғам
Ұлытауда жалпыоблыстық сенбілік өтеді

2026 жылғы 11 сәуір күні сағат 9:00-де Ұлытау облысының барлық елді мекендерінде ауқымды сенбілік басталады. Аталған іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Шараның мақсаты — өңірдегі санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын туған өлкені көгалдандыру мен тазалауға бағытталған игі іске белсенді қатысуға шақырады.
Табиғатты қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау — әрбір азаматтың ортақ парызы.



