ӘлемЭкономика

Таяу Шығыстағы ахуал: Мұнай арзандап, доллар шарықтай бастады

Таяу Шығыстағы АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық уақытша бітім туралы жаңалық әлемдік нарықты дүр сілкіндіріп, Қазақстандағы валюта бағамына тікелей әсер етті.

8 сәуір күні таңертең еліміздің айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт көтерілді. 

Кеше ғана KASE биржасында 460,37 теңгеге дейін төмендеген америкалық валюта бүгін қайтадан қарқын алды:

Астана: Сату – 475 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Алматы: Сату – 476 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Бір күн ішінде доллардың бөлшек саудадағы бағасы орта есеппен 10-12 теңгеге қымбаттады.

Валюталық тербелістің негізгі қозғалтқышы — қара алтын құнының арзандауы. Дональд Трамп пен Тегеран арасындағы «10 пунктен тұратын» келіссөздер жоспары және Ормуз бұғазының ашылуы туралы ақпарат мұнай нарығындағы шиеленісті сейілтті.

Brent маркалы мұнай бір түнде барреліне 110 доллардан 93-94 долларға дейін құлдырады.

WTI мұнайы 14%-ға арзандап, барреліне 95 доллар деңгейіне түсті.

Энергия ресурстарының арзандауы мұнай экспорттаушы ел ретінде Қазақстанның ұлттық валютасына қысым түсіруде. Нарық қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітімнің нақты нәтижелерін күтуде. Алдағы күндері теңге бағамы мұнай фьючерстерінің тұрақталуына тікелей тәуелді болмақ.

Via
Tengrinews.kz

TuraNews

Back to top button