ӘлемБастыМәдениет
Trending

Абай ескерткішіне жиырма жыл: Мәскеуде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

4 сәуірде Мәскеудегі Чистые Прудыдағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күні ескерткіштің 2006 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ашылғанына тура 20 жыл толды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.

Іс-шара Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен 2006 жылдың 4 сәуірінде өткен ескерткіштің ашылуының 20 жылдығына арналды.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден атап өткендей, Мәскеу орталығында Абай ескерткішінің ашылуы Ресейдің тек ұлы қазақ ойшылына ғана емес, бүкіл қазақ халқына деген құрметін білдіреді. Оның айтуынша, соңғы 20 жылда екі ел арасындағы мәдени байланыстар кеңейіп, нығая түскен, үнемі өткізілетін бірлескен іс-шаралар бұған куә.

Ескерткішке арналған орынның таңдалуы кездейсоқ емес. «Чистые Пруды» бульварында бастапқыда Қазақ КСР-нің Тұрақты өкілдігі болған, ал қазір Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі орналасқан.

Ескерткіш Қазақстанның Мәскеуге тарту еткен сыйы болып табылады. Композицияның авторлары — мүсіншілер Марат және Саид Айнековтар, сәулетші Валерий Романенко, дизайнер Тимур Сүлейменов, суретші Эдуард Дробицкийлерден тұратын шығармашылық ұжым.

Монумент авторларының бірі Саид Айнеков өз естеліктерінде айтып өткендей, соңғы дайындық өте жауапты болған, процесс күрделі ауа — райы жағдайында — минус 20 градус температурада жүргізілген. «Ескерткішті жасау бойынша жұмысқа деген ұстанымды, жалпы еңбектің ұйымдастырылуын, Жуковскийдегі комбинаттағы жұмыс процесін ұмыту мүмкін емес. Сонымен қатар, комбинатта ресейлік мүсіншілермен таныстығымыз да ұмытылмас естелік», — деп еске алады қазақстандық мүсінші.

Ашылған сәттен бастап ескерткіш отандастарымыздың сүйікті орнына, сондай-ақ қазақстандық ресми делегациялар дәстүрлі түрде барып шығатын жердің біріне айналды. Жыл сайын 10 тамыз, Абай күнінде, мұнда ұлы ақынның өлеңдері мен әндері шырқалады.

TuraNews

Back to top button