Қоғам
Қаражал: Жастардан қарияларға құрмет

Ұлытау облысының Қаражал қаласында жастар арасында «Ардагерім – ардағым» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шара «Ұрпақтар сабақтастығы және жаңарған қоғам жағдайында ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – жастардың ардагерлерге деген құрметін арттыру, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту. Шара барысында жастар ардагерлермен кездесіп, оларға құрмет көрсетіп, әлеуметтік қолдау білдірді.



