Қоғам

Ұлытау: Қаражалда конституциялық реформаның маңызы талқыланды

Қаражал қаласында «Конституциялық реформа – қоғамдық диалогтың нәтижесі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Бүгін Қаражал қаласында №5 мектептің еңбек ұжымымен Конституцияға енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында республикалық референдумда қабылданған жаңартулардың мәні, олардың қоғам өміріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға әсері кеңінен талқыланды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін нығайту мен елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен диалог қоғамдағы өзара түсіністікті арттыруға және азаматтық белсенділікті көтеруге ықпал етті.

TuraNews

Back to top button