Қоғам

Ұлытау: Жезді кентінде қоныс аудару бағдарламасы аясында жаңа баспаналар табысталды

Жезді кентінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген екі отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды.

Бағдарлама аясында қоныс аударып келген отбасыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Жас отбасылар негізгі қызметпен қатар қосымша кәсіп бастап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуды мақсат етіп отыр. Ал балалар мектеп пен балабақшаға орналастырылып, түрлі үйірмелерге қатысуда.

Сонымен қатар, Жезді кентінде жаңадан пайдалануға берілген спорт кешеніне білікті мамандар тарту мақсатында құрылысы аяқталған тағы бір екі пәтерлі тұрғын үйді бағдарлама аясында қоныс аударып келген отбасыларға табыстау жоспарлануда. Осы бағытта ауданнан оңтүстік өңірлерге бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне арнайы делегат жіберіліп, жүйелі түрде түсіндіру және насихат жұмыстары жүргізілуде.

TuraNews

Back to top button