Қоғам
Ата Заңдағы өзгерістер: Жаңаарқада түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін Жаңаарқа ауданында Жаңа Конституцияның маңызды тұстарын түсіндіру мақсатында мамандармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушыларға жаңа конституциялық өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ реформаның негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, мамандардан нақты және түсінікті жауаптар алды. Мұндай кездесулер қоғамда конституциялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыруға септігін тигізеді.



