Әлем
Иран АҚШ пен Израиль соққыларынан болған адам шығынын есептеді
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі АҚШ пен Израиль жасаған шабуылдардың салдарынан елде 20 617 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
NBC арнасының мәліметінше, қаза болғандардың ішінде 206 бала мен жасөспірім бар. Олардың 13-і бес жасқа да толмаған.
Сондай-ақ медицина қызметкерлері арасында 18 адам көз жұмған, ал 101 медицина қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған.
Шабуылдар салдарынан 36 жедел жәрдем көлігі мен 37 медициналық мекеме зақымданған.



