Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтетін беделді WTA 1000 турниріне дайындық барысында жанкүйерлерін ерекше видеомен қуантты.
Желіде тараған бейнежазбада қазақстандық теннисшінің кішкентай күшікті құшақтап, еркелетіп отырған сәті көрсетілген. Спортшының бұл мейірімді әрекеті көптеген оқырмандардың ықыласына бөленді, өйткені Рыбакина бұрыннан жануарларға деген сүйіспеншілігімен және панасыз жануарларға арналған орындарға тұрақты түрде көмек көрсетуімен танымал.
Bu gönderiyi Instagram’da gör
Десе де, Елена спорттық нысанын жоғалтпай, Майамидегі додаға сақадай сай отыр. Жарысты екінші айналымнан бастайтын ол, алғашқы кездесуінде отандасы Юлия Путинцева немесе Индонезия өкілі Джанис Тьеннің бірімен шеберлік байқасады. Жанкүйерлер Рыбакинаның тек корттағы шеберлігіне ғана емес, оның қарапайымдылығы мен мейірімділігіне де тәнті болуда.



