Әлем

Студенттен – жалдамалы қаскөйге: Мәскеуде алаяқтар бойжеткенді зейнеткерді өлтіруге итермелеген

Мәскеуде 20 жастағы студент қыз алаяқтардың тапсырмасымен 59 жастағы әйелді өлтірмек болғаны үшін ұсталды. Қыз әйелдің үйіне балға, тітіркендіргіш газ баллоны және малярлық таспамен келген, деп жазады Zakon.kz.

Газета.ру басылымының жазуынша, оқиға 14 наурыз күні Анохин көшесінде болған. Алаяқтар студент қызды құқық қорғау органдарының штаттан тыс қызметкері екеніне сендіріп, оны арнайы операцияға қатысып жатыр деп алдаған. Олар қызға 59 жастағы мәскеулік әйелді «шетелдік агент» деп көрсетіп, оны жою тапсырмасын берген.

«Үй иесі есікті ашқанда, қыз оған тітіркендіргіш газ шашып, балғамен ұруға әрекеттенген. Зардап шеккен әйелдің туыстары шабуыл жасаушыны залалсыздандырып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған», – делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдары «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

TuraNews

Back to top button