Қоғам
Trending

4 миллион жеткізу: inDrive Қазақстандағы қалааралық жеткізу қызметінің нәтижелерін қорытындылады

inDrive, көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы, inDrive.Қалааралық қызметі арқылы жеткізілген тапсырыстар саны 4 миллионнан асқанын хабарлады.

Компания қалалар арасында жөнелтілімдерді 24 сағат ішінде жеткізу пайдаланушылар үшін тұрақты стандартқа айналып келе жатқанын атап өтті.

Танымал бағыттар бойынша тапсырыстардың жартысынан көбі жөнелтілген күні, ал үштен бірі келесі күні жеткізіледі. Бұны пайдаланушылар норма ретінде жиі қабылдайды, әсіресе құжаттарды, жеке заттарды немесе шағын жүктерді жедел жеткізу қажет болған жағдайда.

Қызметтің дамуына және оның сұранысқа ие болуына ықпал еткен негізгі факторлардың бірі жіберу процесін жеңілдету болды. Пайдаланушылар inDrive қосымшасында жеткізуге тапсырыс беріп, ал жүргізушілер мұндай тапсырыстарды бірден көріп қабылдай алады.

Бұл тапсырыстың орындалуын жеделдетіп, қызметті ыңғайлы етеді. Жөнелтілімдер көлемінің өсуімен бірге пайдаланушылар арасындағы сенім де артып келеді: жөнелтушілер мен жүргізушілер пікір қалдыру жүйесінің арқасында беделді қалыптастырып, тәуекелдерді азайтады және қызметтің сенімділігін арттырады.

«Біз қалааралық жеткізу нарығы 24 сағат ішінде жеткізу стандарт болып саналатын жылдам peer-to-peer шешімдеріне қарай белсенді түрде ауысып жатқанын байқап отырмыз. Біздің жұмысымыздың нәтижелері жылдам әрі икемді логистикалық шешімдерге жоғары сұранысты растайды», – деп атап өтті inDrive.Қалааралық қызметінің Қазақстандағы басшысы Борис Хван.

Компания сондай-ақ сұраныстың айқын маусымдылығын атап өтеді: белсенділіктің шыңы әдеттегідей мереке алдындағы кезең – желтоқсан айына, ал төмендеуі қаңтар–ақпан айларына сәйкес келеді.

2026 жылы inDrive қалааралық жеткізуді одан әрі дамытуға назар аударуды жоспарлап отыр, атап айтқанда сәлемдемелерді жіберу және алу процестерін жеделдету, сондай-ақ қызметтің жалпы сенімділігін арттыруды көзделіп отыр.

inDrive.Қалааралық – Қазақстандағы қалааралық тасымалдаудың ірі сервистерінің бірі.

Компания елде 12 жылдан астам жұмыс істейді және 1000-нан астам қаланы қамтиды.

Компания туралы:

inDrive – көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 400 миллионнан астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық

қызметтерді қамтитын қызметтердің кеңейіп келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы inDrive

венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.

  1. Қосымша ақпарат: www.inDrive.com

TuraNews

Back to top button