БастыҚоғамСаясат

Ұлытау өңірінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүруде

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының кездесулері жалғасуда.

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында Жезқазған қаласындағы «Ұлытау мейірім» қоғамдық қорының мекемесінде кездесу өтті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Аталған кездесуде Ұлытау өңірлік коалиция мүшелері Светлана Оңғарбаева мен Сағадат Мұхамбетов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

TuraNews

Back to top button