Әлем
Иран Ормуз бұғазына миналар орната бастады
АҚШ әскери күштері Ормуз бұғазы маңында Иранның бірнеше әскери кемесін жойды. АҚШ Қарулы күштерінің мәліметінше, жойылған кемелердің ішінде 16 минатасығыш қайық болған. Ведомство бұл туралы X платформасындағы ресми парақшасында мәлімдеді.
Сонымен қатар CNN телеарнасы да Иранның Ормуз бұғазында миналар орната бастағанын жазды. Дереккөздердің айтуынша, соңғы бірнеше күн ішінде ондаған мина орнатылған.
Телеарна тілдескен дереккөздердің бірі Тегеранның әскери күштері қажет болған жағдайда жүздеген минаны орналастыруға қабілетті екенін атап өткен.
Бұған дейін Трамп Иранға қарсы әскери операция аяқталуға жақын екенін мәлімдеген болатын.



