БастыҚоғам

Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп тұрады?

Қазақстандағы әйелдер саны 10 488 074 адамға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Олардың жасы бойынша үлесі мынадай: 0-15 жас — 29,1%, 16-60 жас — 55,5%, ал 61 жастан жоғары — 15,4%. Әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 79,4 жыл.

Аймақтар бойынша ең көп әйелдер саны

  • Алматы қаласында — 1,2 млн
  • Түркістан облысында — 1 млн
  • Астана қаласында — 803,5 мың
  • Алматы облысында — 778,5 мың

Еңбек нарығында әйелдер

Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі 48% құрайды, яғни шамамен 4,4 миллион әйел. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы әйелдердің үлесі 50% шамасында болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында бұл көрсеткіш 45%-ға тең.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің салалар бойынша үлесі:

  • Білім беру — 20%
  • Сауда — 19%
  • Денсаулық сақтау — 10%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 50,8% құрайды. Ең көп жұмыс істейтін әйелдер 35-44 жас аралығында, олардың саны 1,3 миллион адамға жетеді.

TuraNews

Back to top button