Басты

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!

Ұлытау облысының Қаражал қалалық коалиция мүшелері мемлекетіміздің жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру бойынша аумағымызда жұмыстарын жалғастырып келеді.

Бүгін — 2026 жылғы 5 наурызда бекітілген республикалық Желілі кестеге сәйкес, облыстық коалиция мүшесі Айдос Серіков, Қаражал қалалық коалиция өкілдері: қалалық коалиция төрағасы — «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина, қалалық мәслихат депутаты Марлан Шамбұлов «Жәйрем ГОК» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті.

Кездесу алдында БПҰ өкілдеріне ақпараттық парақшалар таратылды.

Жиын барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар кеңінен түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу, маңызды құжаттың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

TuraNews

Back to top button