Ресми мәліметке қарағанда, олар әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.
«Президент пен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында болып жатқанына қынжылатындарын жеткізді», – деп таратты Ақорда.
Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Сауд үкіметіне алғыс айтты.
Өз кезегінде Салман Әл Сауд қолдау көрсеткені Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады.
Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сонымен бірге халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты.



