Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет мамандары күннің бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
03 қаңтарда Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі.
Облыстың орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 03 қаңтарда кей уақытта жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 03 қантар күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
03 қаңтар түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.
Қонаев қ.: 03 қаңтарда оңтүстік-батыс желі, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 03 қаңтарда Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 03 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
03 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
03 қаңтарда Атырау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Атырау қ.: 03 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
03 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
03 қаңтарда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қаты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 23-28, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан да аса. қ. Шымкент: 03 қаңтарда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. қ. Түркістан: 03 қаңтарда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 03 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батысында жел соғады, түнде екпіні 18 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
03 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с. Ақтөбе қ: 03 қантарда бұрқасын, түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
03 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. Көкшетау қ.: 03 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Қостанай қ: түнде 03 қаңтарда кей уақыттарда қатты қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ: 03 қантарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 03, түнде 04 қаңтарда Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 02-04 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Тараз қ.: 02-04 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. Күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. Тәулік бойы 03, түнде 04 қаңтарда Түркістан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 23-28 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан да аса. Күндіз 03, тәулік бойы 04 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.
03 қаңтарда Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. Астана қ.: 02-03 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз 02 қаңтарда 15-20 м/с, 03 қаңтарда 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 03 қаңтарда Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.