
Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады. Ел бойынша төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Тель-Авивте жарты жыл ішінде алғаш рет әуе шабуылы туралы сигнал берілді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль зымырандары Тегеранның Данешгах даңғылы мен Джомхури ауданына түскен. ISNA-ның хабарлауынша, жарылыс түтіні Пастур ауданында да шыққан.
Алдын ала жасалған соққыдан кейін Израиль әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды РИА Новости Әуежайлар басқармасына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта барлық азаматтық әуежай жабық. Ұшу және қону тоқтатылды. Жолаушылар қазіргі уақытта әуежайға бармағаны абзал және қосымша ақпаратты әуе компанияларынан нақтылағаны жөн», — делінген хабарламада.



