Қоғам

Коалиция мүшелері Үлбі металлургия зауыты ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Үлбі металлургия зауыты ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуға Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Денис Рыпаков және коалиция мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, алдағы республикалық референдумның маңызы түсіндірілді.

Жиында Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары, құжатқа енгізілген өзгерістердің мазмұны және олардың қоғам өміріне ықпалы жан-жақты баяндалды. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, еңбек адамдарының мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Жаңа Конституция – қоғам сұранысына жауап беретін, елдің болашақ дамуына бағытталған стратегиялық құжат. Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Үлбі металлургия зауыты сияқты ірі өндіріс орындарының еңбек ұжымдары ел тағдырына бейжай қарамай, алдағы референдумда белсенділік танытады деп сенемін», – деді өңірлік коалиция жетекшісі Денис Рыпаков.

Жиын соңында Үлбі металлургия зауытының еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

TuraNews

Back to top button