БастыСаясат
Trending

Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктерге ғимараттар мен жер телімдерін тегін береді

Астана мен Бішкек елшіліктер мен елшілер резиденцияларының қажеттілігі үшін бір-біріне жылжымайтын мүлік нысандары мен жер телімдерін өтеусіз пайдалануға береді, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2025 жылғы 22 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Құжат аясында Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігіне Бішкек және Астана қалаларында ғимараттар мен жер телімдерін өзара өтеусіз пайдалануға беру ескерілген.

Құжатты Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші 2026 жылғы 29 қаңтарда қабылдаған.

Енді заң аясында Келісімнің күшіне енуі үшін тиісті мемлекетішілік рәсімдер жүзеге асырылады.

 

TuraNews

Back to top button