Әлем
Түркияда мейрамханада жарылыс болып, 7 адам қаза тапты
Түркияның Айдын қаласының Назилли аймағында орналасқан мейрамханада газ баллоны жарылып, кемінде 7 адам мерт болды, 4-уі жарақат алды, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап
Мейрамханада 20-дан астам адам болған.
TRT телеарнасының хабарлауынша, жарлыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да газ баллонын ауыстырып жатқан кезде болған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр.
Жарылыс болған ауданды полиция қоршауға алып, ол жерге жедел жәрдем мен өрт сөндіруші көліктер ғана жіберіліп жатыр.