СаясатЭкономика

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға жеткізу келісімі тағы 10 жылға ұзарды

Ресей Федерациясының үкіметі Қазақстан арқылы Қытайға мұнай транзитінің мерзімін ұзартты. Құжат бойынша мұнай жеткізу мерзімі — 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Келісім «Атасу – Алашанкөл» құбырымен Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді.

Мұнай транзитін ресейлік «Роснефть» және қазақстандық «ҚазТрансОйл» компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

TuraNews

Back to top button