
Жезқазған қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған мазмұнды әрі тағылымды дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – Ата Заңымыздың қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсінігін нығайту болды.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихи маңызына тоқталып, оның тәуелсіз еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік негізі екендігін атап өтті. Конституция – мемлекетіміздің басты құжаты ғана емес, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Дөңгелек үстел форматындағы еркін пікір алмасу барысында заң үстемдігі, әділдік қағидаттары, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың рөліне ерекше назар аударды.
Ата Заңымыз – еліміздің бірлігі мен берекесінің тірегі. Сондықтан Конституция талаптарын құрметтеу, заңды сақтау – әрбір азаматтың парызы. Осындай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырары сөзсіз.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі – заң мен тәртіпке, өзара құрмет пен азаматтық белсенділікке тікелей байланысты. Ендеше, Ата Заңымызды ардақтап, оның қағидаттарын күнделікті өмірімізде берік ұстанайық
[20/2 15:13] +7 702 512 4526: Бүгін этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен«Президенттің жаңа бастамалары және олардың Конституцияны жаңғыртуға ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында саяси жүйені жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге, Құрылтайдың (Парламенттің) рөлін күшейтуге және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге бағытталған Мемлекет басшысының бастамалары талқыланды.
Сонымен қатар, көптеген жылдар бойы этномәдени бірлестіктерді біріктіріп, диалог пен өзара іс-қимыл алаңы болып келген Қазақстан халқы Ассамблеясы-ның рөліне ерекше назар аударылды. Этномәдени бірлестіктер жаңа жағдайда да өз қызметін жалғастырып, негізгі міндеті — қоғамдық келісімді нығайтуды сақтайтыны атап өтілді.
Қатысушылар жаңа консультативтік-кеңесші орган — «Халық кеңесін» құру мәселесін де талқылады. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері әртүрлі қоғамдық құрылымдарды бір алаңға біріктіру уақытылы шешім екенін және маңызды мәселелерді талқылау кезінде қоғам пікірін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Талқылау барысында ЭМБ өкілдері конституциялық реформа — бүгінгі күннің талабы әрі қоғам сұранысына жауап екенін жеткізді. Олардың пікірінше, Негізгі заңды жаңарту елдегі нақты өзгерістерді көрсетуі және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын күшейтуі тиіс.
Кездесу жұмыс форматында өтті. Өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және осындай алаңдарда көтерілген бастамалар бойынша кері байланысты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.



