Қоғам
Trending
Жантүршігерлік кадр: Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды
Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекен жайда орналасқан тұрғын үйдің бұған дейін апат жағдайында, бұзылуы керек деп танылып, қазір пайдаланылмайтын кіреберіс бөлігі опырылған.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.



