БастыЭкономика
Trending

Қазақстанның еңбек нарығы: кімдерге сұраныс жоғары және ең қомақты айлық кімдерге төленеді?

2026 жылдың басынан бері еліміздегі мамандар мен жұмыс берушілердің белсенділігі арта түсті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы деректеріне сүйенсек, Enbek.kz цифрлық платформасында 102,7 мың бос лауазым ұсынылып, 162,4 мың үміткер өз түйіндемесін қалдырған.

Биылғы сұраныстың басым бөлігі (47,6%-ы) техникалық және жұмысшы мамандықтарға тиесілі. Нақтырақ айтсақ, жұмыс берушілер келесі қызметкерлерді ерекше іздестіруде:

  • Медицина саласы: 1,9 мың мейіргер мен 1,8 мың санитар;

  • Көлік саласы: 1,8 мың білікті жүргізуші;

  • Білім беру: 1,7 мың математика пәнінің мұғалімі.

Экономикалық секторлар бойынша білім беру саласы дәстүрлі түрде көш басында — барлық хабарландырудың үштен бірі (33 мың орын) осы салаға тиесілі. Одан кейінгі орындарды қызмет көрсету (11,4 мың), денсаулық сақтау (9,7 мың), мемлекеттік басқару және өнеркәсіп салалары өзара бөліскен.

Жұмыс орындарының шоғырлануы бойынша Астана қаласы (8,9 мың бос орын) бірінші орында тұр. Сондай-ақ Түркістан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы да кадрларға деген жоғары қажеттілікті көрсетіп отыр.

Қаңтар айындағы ең жоғары жалақы ұсыныстары: Жұмыс берушілер ең қомақты төлемді өндіріс пен геология саласының білікті басшыларына ұсынуға дайын. Мәселен:

  1. Бұрғылау супервайзерлері: орта есеппен 991 мың теңгеден жоғары;

  2. Өндіріс учаскесінің басшылары: 876 мың теңгеден бастап;

  3. Бас геологтар: 803 мың теңге көлемінде табыс таба алады.

TuraNews

Back to top button