Спорт
Рыбакинаның БАӘ турнирінде неліктен ойынды тоқтатқаны белгілі болды
Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымындағы матчты аяқтай алмай, жарыстан шығып қалды, деп жазады Zakon.kz.
Ол хорватиялық теннисші Антония Ружичке қарсы кездесудің үшінші сетінде ойынды тоқтатты. Матч 7:5, 4:6, 0:1 есебімен Рыбакинаның жеңілісімен аяқталды.
Sportarena.kz мәліметінше, матч барысында қазақстандық спортшы өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Медициналық үзіліс кезінде Рыбакина жүрегі айнып тұрғанын, дұрыс ұйықтамағанын және басының ауырып тұрғанын жеткізген.
Айта кетейік, турнир жеңімпазы 665 мың АҚШ долларын (шамамен 327,2 млн теңге) және WTA рейтингінің 1000 ұпайын иеленеді.


