Димаш Құдайбергеннің Түркістаннан бастау алған жаңа продюсерлік жобасы Қытайда бір тәулікте 102 млн қаралым жинады. Жоба аясында Түркістан облысының тарихи және туристік орындары да көрсетілген болатын, деп жазады turkistanlife.kz.
Димаш Құдайбергеннің жаңа продюсерлік жобасы қаралым жағынан Қытайда рекорд орнатты. Hunan TV телеарнасының мәліметінше, бағдарлама Қытайдағы аймақтық спутниктік арналар арасында да топ жарған. Сонымен қатар KuYun және Huanwang платформаларында да көш бастады.
Сарапшылар мұндай көрсеткіш Қытайда өте сирек кездесетінін айтады.
Айта кетейік, Димаш жобада атқарушы продюсер әрі қатысушы ретінде өнер көрсеткен. Жобаның алғашқы түсірілімі Түркістаннан басталып, осы өңірдің және еліміздің бірнеше облысының туристік орындары Қытай және әлем жұртшылығына кеңінен таныстырылуда.
Қазақстанда 14 ақпаннан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.


