БастыЭкономика
Trending

Қазақстанда теміржол тарифтері мен тасымал жүйесі толық цифрландырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік тасымал көлемін арттыру жоспарына күмәнмен қараған «Қазақстан темір жолы» басшылығына нақты міндеттер жүктеп, саланы цифрлық жаңғырту мен тариф саясатын қайта қарау қажеттігін айтты.

Үкімет биыл транзиттік тасымал көлемін шамамен 65 пайызға, яғни 55 миллион тоннаға дейін көбейтеміз деген ауқымды міндет қойып отыр. Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы өз ақпаратында бұл жоспарға күмән келтіріп отыр.

Мәселе – бізде емес, іргелес мемлекеттердің жоспарлары мен мүмкіндіктерінде. Енді анықтау қажет. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы қажетті шараның бәрін қабылдауға тиіс. Соның ішінде цифрлық жаңғырту (яғни, трансформация) жұмыстарын аяқтауы қажет.

Жүк тасымалдаушылардың бәріне ашық және бірдей қолдау көрсетілуге тиіс. Ол үшін ұлттық оператордың жүк вагондарын беру жұмысын толық цифрландырып, ретке келтіру керек.

Теміржол саласындағы тариф саясатын реформалау – кезек күттірмейтін міндет. 1 қыркүйекке дейін жаңа тариф саясатының тұжырымдамасына қатысты түпкілікті шешім қабылдануға тиіс. Тариф саясаты, бұл – аса маңызды тақырып, көлік стратегиямыздың өзегі саналатын мәселе»,- деді Президент Тоқаев.

TuraNews

Back to top button