Былтыр Өзбекстанда 5 мыңнан астам жемқорлық қылмысы анықталды
2025 жылы Өзбекстанда 5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Акмал Бурхановтың мәлімдеуінше, 2025 жылы қылмыстар саны 8,6%-ға төмендеді. Атап айтқанда, былтыр 5 222 факті анықталса, 2024 жылы мұндай 5 716 дерек тіркелген еді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары Денсаулық сақтау, Мектепке дейінгі және орта білім беру министрліктерінде, сондай-ақ жергілікті әкімдіктерде көп жасалған.
Агенттік басшысының мәліметіне сай, 2025 Ферғана және Сұрхандария облыстарында пара беру және пара алу деректері жиі тіркелген. Бұл ретте Хорезм, Қашқадария, Ташкент және Самарқанд облыстарындағы қылмыс саны азайды.
— Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін аудандық және қалалық деңгейдегі 12 әкім жауапқа тартылды. Жалпы, 300-ден астам факті жергілікті әкімдіктерде тіркелді. Яғни, олардың 80%-дан астамын әкімнің көмекшілері жасаған, — деді Акмал Бурханов.



