ӘлемТуризм

Душанбе әуежайы жылына 5 миллион жолаушыға дейін қабылдайтын болады

Тәжікстан астанасындағы Душанбе халықаралық әуежайы жаңа терминал пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 миллион жолаушыға дейін қабылдай алады. 

Баспасөз мәслихатында «Душанбе халықаралық әуежайы» ААҚ бас директоры Зайнулло Шарифзода ішкі әуе рейстеріне арналған ескі терминалдың орнына жаңа терминал салынатынын мәлімдеді.

– Жаңа терминал жылына шамамен 3 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. Ол халықаралық терминалмен бірге әуежайдың жалпы өткізу қуатын жылына 5 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Оның айтуынша, жобалау жұмыстары аяқталған, құрылыс жақын арада басталады. Жаңа нысанды екі жыл ішінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button