ӘлемБасты
Trending

Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне үш жыл: қайғыдан қайта түлеуге

Бүгін Түркия халқының жадында мәңгілік жара болып қалған, «Ғасыр апаты» деп аталған Қахраманмараш жер сілкінісіне тура үш жыл толды.

2023 жылғы 6 ақпанда таңғы сағат 04:17-де басталған жойқын дүмпу небәрі бірнеше минут ішінде 11 провинцияны қирандыға айналдырып, 53 мыңнан астам адамның өмірін қиды.

Естеріңізге сала кетсек, сол күні эпицентрі Пазаржық (7,7 балл) және Элбистан (7,6 балл) аудандарында болған екі ірі сілкініс 120 мың шаршы шақырым аумақты қамтыды. Бұл – шамамен 14 миллион адамның өміріне тікелей әсер еткен алапат құбылыс. Апат аймағында 107 мыңнан астам адам жараланып, мыңдаған ғимарат жермен-жексен болды.

Сол қиын сәтте Түркиямен бірге бүкіл әлем, соның ішінде бауырлас Қазақстан да жұдырықтай жұмылды. Апат аймағында 650 мыңнан астам қызметкер, соның ішінде 11 мыңнан астам халықаралық құтқарушы күндіз-түні жұмыс істеді.

Қирандыдан жаңа өмірге: қазіргі жағдай қандай?

Үш жыл өткен соң, апат болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Түркия үкіметі зардап шеккендерді уақытша шатырлар мен контейнерлерден тұрақты баспанаға көшіруді басты мақсат етіп қойған.

Қалада TOKİ мемлекеттік тұрғын үй басқармасы салған 12 462 пәтер иелеріне толық тапсырылды.

Губернатор Нуман Хатипоглудың мәліметінше, зардап шеккен отбасылардың 95 пайызы жаңа, сейсмотұрақты үйлеріне қоныстанған. Қазіргі таңда тағы 2,4 мың үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

AA

Бүгінде Элязыг және өзге де көршілес провинциялар тек қайта салынған қалалар емес, Түркия бойынша сейсмотұрақты әрі заманауи қалалық орта қалыптастырудың үлгісіне айналып отыр. Үш жыл бұрынғы қаралы күннің орнын бүгін жаңа баспаналар мен үміт оты басқандай. Түркия халқы бұл сынақты еңсеріп қана қоймай, қауіпсіз болашаққа нық қадам басуда.

TuraNews

Back to top button